Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
№1 санаториялық бөбекжай-бақшасы
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№1 санаториялық бөбекжай-бақшасы
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz
15 қыркүйек 2026 жыл
Қаратөбе жалпы білім беретін мектебі
Сынып: 11-сынып
Мектебімізде бітіруші түлектердің ата-аналарына арналған «11-сынып оқушыларының оқу үлгерімі мен ҰБТ дайындығында ата-ананың рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың күн тәртібінде:
2025–2026 оқу жылындағы 11-сынып оқушыларының оқу үлгерімі және білім сапасы;
ҰБТ-ға дайындық барысы және ата-ананың бала дайындығындағы рөлі;
Мамандық таңдауда кәсіптік бағдар берудің маңызы;
Ата-аналарды толғандыратын мәселелер мен сұрақтар қаралды.
Жиналыс барысында мектеп директоры С.О. Даужанов өткен оқу жылындағы 11-сынып оқушыларының ҰБТ қорытындыларымен таныстырды.
11-сынып жетекшісі М. Пардабаева оқушылардың оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы және ҰБТ-ға дайындық барысы туралы ақпарат берді.
Кәсіптік бағдар беру педагогы Ж. Ералиев оқушылардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауы, ҰБТ пәндерін таңдаған мамандық талаптарымен сәйкестендіруі, жоғары оқу орындары мен білім беру бағдарламалары туралы ақпараттарды алдын ала зерделеудің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар ата-аналар тарапынан ҰБТ-ға дайындық, сынақ тестілеулерінің нәтижелері, бейіндік пәндерді таңдау, грантқа түсу мүмкіндіктері, мамандық таңдауы және оқушылардың оқу жүктемесіне қатысты сұрақтар қойылды.
Қойылған сұрақтарға мектеп директоры, сынып жетекшісі және кәсіптік бағдар беруші тарапынан тиісті түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.
Бала болашағы – мектеп пен ата-ананың бірлескен еңбегінің нәтижесі.
Бітіруші түлектерге алдағы маңызды кезеңде сәттілік тілейміз!