ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫҢ БАСТАУЫ!
Отбасы күніне орай мектебімізде ұйымдастырушы педагог П. Байдулла мен үйірме жетекшісі А. Аміреқұлдың ұйымдастыруымен «Ата-анаға мың алғыс» тақырыбында сыныптар арасында құттықтау челленджі ұйымдастырылды.
Челлендж барысында оқушылар өздерінің ата-аналарына деген ыстық ықыласы мен шексіз алғысын білдіріп, жүрекжарды тілектерін жолдады.
Ата-ана – әр баланың өміріндегі ең қымбат жан. Олардың мейірімі мен қамқорлығы – балаға берілетін ең үлкен сый.
Отбасы құндылықтарын дәріптеп, ата-анаға құрмет пен алғысты арттыруға бағытталған челлендж оқушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.
Ата-анаға мың алғыс!
Отбасымыз аман, шаңырағымыз шаттыққа толы болсын!