11.09.2026 ж. Тілдер онкүндігі аясында 10-сынып оқушыларымен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г. Есіркепованың ұйымдастыруымен «Health Habits» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салты мен пайдалы әдеттердің маңызын ағылшын тілінде түсіндіру, сөздік қорын молайту және ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту.
Ашық сабақ барысында оқушылар тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен танысып, түрлі тапсырмалар орындап, өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізуге мүмкіндік алды.
Сабақ қызықты әрі белсенді форматта өтіп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды.