Тілдер онкүндігі аясында 09.09.2026 жылы мектебімізде «Цифрлық дәуірде тіл тағдыры» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараны Л. Амирова 11-сынып оқушыларымен бірлесе отырып өткізді.
Дөңгелек үстел барысында цифрлық технологиялардың тілдің дамуына ықпалы, ана тілін сақтаудың маңызы, әлеуметтік желілер мен заманауи ақпараттық кеңістікте қазақ тілін қолдану мәселелері талқыланды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Тілді сақтау – ұлт болашағын сақтау. Цифрлық дәуірде ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейту – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!