21 қыркүйек 2026 жылы Қаратөбе жалпы білім беретін мектебінде 9–11 сынып оқушыларының қатысуымен дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасында отбасылық зорлық-зомбылық, суицид, ерте жүктілік және басқа да келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесуге аудандық АТТ мүшелері – аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Құрманғалиев Аңсар және аудандық «Нұр» мешітінің найб имамы Жаппаров Жандарбек қатысты.
Мектеп директоры С.О. Даужанов кездесуді ашып, оқушыларға қауіпсіздік пен жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқушыларды білім мен тәрбиені қатар алып жүруге, ұлттық және адамгершілік құндылықтарды құрметтеуге шақырды. Өз сөзінде Әл-Фараби, Абай тағылымдарына, шариғат талаптары мен ұлттық салт-дәстүріміздегі тәрбиелік ұстанымдарға тоқталды.
Кездесу барысында оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие, отбасы құндылығы, жеке қауіпсіздік, діни сауаттылық және түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу жөнінде маңызды ақпараттар берілді.
Жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен саналы тәрбиесі – баршамызға ортақ міндет!