Тазалық – денсаулық кепілі, табиғатты аялау – болашаққа жасалған қамқорлық!» - демекші N1 санаториялық бөбекжай-бақшасы, жылдық жұмыс жоспарына сәйкес “Таза аула-таза балабақша”тақырыбында акция ұйымдастырылып өткізілді.Акцияға Мектепалды “Шапағат” топ тәрбиеленушілері өз үлестерін қосуда. Таза аула – таза орта, бақытты балалық шақтың бастауы! Балабақша – бүлдіршіндердің шат күлкісі естілетін, мейірім мен тәрбие тоғысқан аяулы мекен. Ал сол мекеннің тазалығы мен көркеюі – баршамыздың ортақ міндетіміз. «Таза аула – таза балабақша» акциясы аясында кішкентай бүлдіршіндеріміз табиғатқа жанашырлық танытып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосуда.