N1 санаториялық бөбекжай-бақшасы, жылдық жұмыс жоспарына сәйкес “Таза аула-таза балабақша” акциясы ұйымдастырылды. Ортаңғы”Ботақан” топ тәрбиеленушілері де акцияға өз үлестерін қосып табиғатқа қамқорлық танытуда. Акцияның мақсаты: Балаларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға, тазалық сақтауға және еңбекке баулу. Бүлдіршіндердің бойында экологиялық мәдениет пен туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. “Таза табиғат – таза болашақ! Таза балабақша – бақытты балалық шақ!”