Көктемнің шуақты күндерімен бірге келген мерекені N1 санаториялық бөбекжай-бақшасы ұжымыда кең көлемде атап өтіп, әр шаңыраққа береке, ырыс, молшылығымен енсін деп тілеуде. Жаңару мен жасампаздықтың нышаны болған Әз-Наурыз жүректерге үміт ұялатып, өмірлеріңізге шаттық пен қуаныш сыйласын. Ұлыстың ұлы күні әрбір үйге амандық, денсаулық, бақ-береке дарытсын! Табиғат түлегендей, сіздердің де өмірлеріңіз жаңарып, жарқын сәттерге толы болсын. Ақ мол болсын, Әр күніңіз Наурыздай нұрлы болсын!