“Заң мен тәртіп”идеологиясын ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес N1 санаториялық бөбекжай-бақшасы, Ортаңғы “Шұғыла” топ балалары мен ата-аналарының бірлескен “Балаларды жақсы көретін ата-аналар клубы” тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Бала – әрбір отбасының бақыты, өмірдің мәні, елдің ертеңі. Баланың бақытты болып өсуі – ата-ана мен балабақшаның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Біз үшін әр бүлдіршіннің қуанышты күлкісі, дені сау, тәрбиелі әрі білімге құштар болып өсуі – ең үлкен мақсат.Осы орайда болашағы жарқын,дені сау ұрпақты бірге тәрбиелейік.