N1 санаториялық бөбекжай-бақшасы,
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша "Дені сау бала – дені сау ұлт"тақырыбында "Шапағат" және "Қызғалдақ" топ тәрбиеленушілері арасында денсаулық аптасы ұйымдастырылып өткізілді.
Бұл жай ғана ұран емес, еліміздің жарқын болашағына бастар маңызды қағида. Денсаулық – адамға берілетін ең қымбат байлық. Ал сол байлықтың іргетасы балалық шақтан қаланады.
Ендеше, ұрпағымыздың дені сау, санасы сергек, рухы биік болып өсуі үшін бірлесе еңбек етейік! Себебі дені сау бала – бақытты отбасының қуанышы, ал дені сау ұлт – Мәңгілік Елдің берік тұғыры.